ТӘЖІРИБЕ ҚЫЗМЕТІ

ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ

 

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу - әдістемелік ұсыныстар арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша кәсіптік тәжірибелердің негізгі ережелер мен  академиялық күнтізбені басшылыққа ала отырып, біршама жұмыстар атқарылады.

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда  білім алушылар теориялық білімдерін тереңдетіп, мамандығы бойынша  қажетті білімді, кәсіби дағдыны қалыптастырып үйренеді. Өндірістік мекеме басшылары Педагогикалық кеңеске қатысып, сапалы оқу-тәрбие жұмыстарын бірлесіп жақсарту және еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес кадр  сапасын жетілдіруге үлес қосуда.

Заман талабына сай колледж білім алушылары, қазіргі инновациялық соңғы техника мен технологияларын білім сапасын арттыру үшін  пайдалануда. Ұзақ мерзімді келісім-шарттарға сәйкес мекемелерге - курсына, тәжірибесіне қарай білім алушылардың жан-жақты ізденуге, зерттеуге колледж  көптеген мүмкіндіктер жасап, жас мамандардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде.

Білім алушылардың оқу жылдарындағы тәжірибелері академиялық кесте бойынша ұйымдастырылып, нұсқаулық конференция өткізіледі. Ол конференцияны комиссия мүшелері және тәжірибе жетекшісі жалпы тәжірибеге нұсқаулық пен қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстырып, тәжірибе құжаттарын (әр тәжірибе бағдарламалармен, күнделік, жолдамамен қамтамасыз етілген) толтырылуына бағыт бағдар береді.

Кәсіптік тәжірибеден өту кезінде білім алушы  тәжірибе бағдарламаларына сәйкес    күнделігінде атқарылған жұмыс жазбаларының сәйкестігі,  тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибе жинақтаушының атқарған жұмыстары бойынша мекемеден берілген мінездеменің болуы және тиісті біліктілік беру жөнінде ұсынысы,  тәжірибе материалдары мен  тәжірибенің қорытындысы,  есебі жазылады.

Барлық оқу топтарына бұйрық негізінде тәжірибе жетекшілері мен комиссия мүшелері тағайындалады және тәжірибе соңында есептері тыңдалып, бағаланады.

Оқу-өндірістік тәжірибенің өзекті мәселелері әдістемелік, педагогикалық кеңестерде, тәжірибе және топ жетекшілерінің конференцияларында және тәжірибенің барлық түрлерінің қорытындысы талқыланып, хаттамалар толтырылады.

Колледж білім алушылары  іс-тәжірибелік мекемелермен келісілген келісім-шарттар негізінде тәжірибелерінен өтеді. Сонымен қатар, мекемелерден  келіп түскен сұраныс хаттар негізінде де  білім алушылар өз тәжірибелерін шыңдауда.

Келісім-шарттарға тұрған мекемелерге жіберілген білім алушылар өз біліктілігін арттырып, мол тәжірибе жинақтайды. Әр мамандық бойынша білім алушы практиканттар тәжірибеден өту барысында  оқу сағатында алған  теориялық және психологиялық білімдерін әрі қарай дамыта түседі. Өндірістік тәжірибе барысында болашақ маман иесін  кәсіптік әрекетінің құрылымы, кәсіптік іскерліктер мен дағдылар негізінде қалыптасады.

Оқу жылдарында барлық мамандықтардың курстарына сәйкес академиялық күнтізбеге сай өз уақытында танысу, оқу, өндірістік, технологиялық, слесарлық мехникалық, арнаулы топографиялық, кәсіптік, жұмысшы мамандығы алу, диплом алды тәжірибелері өз деңгейінде өтілуде. Мысалы, 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру» мамандығының білім алушылары Қызылорда қаласындағы  «А-Айя», «Дәулет-Қызылорда», «Ләйлім», «Құлыншақ», «Алдияр-Қызылорда», №14 «Самал», «Еркем-Ай» т.б. мектепке дейінгі балабақшаларда тәжірибеден өту кезінде түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді меңгеріп, білім деңгейін белсенді көрсете білген колледж білім алушы практикантарын жұмысқа алып қалу жөнінде ұсыныстар айтуда.

1517000-«Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының білім алушылары ҚР ІІМ ТЖК ҚО ТЖД, ҚР ІІМ ТЖК ҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ», ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» мемлекеттік мекемелерінде тәжірибеден өтеді. Физикалық және моральдық тұрғыдан жоғары деңгейде шыңдалған белсенді  машықтанушылар тапсырылған тапсырмаларды колледжден алған білімдерімен ұштастырып, үлкен жауапкершілікпен орындауда, көзге түскен білім алушылар жұмысқа орналасуда.

  0809000-«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)» мамандығы өндірістік тәжірибеге білім алушыларды колледж арнайы жалдаған автобустармен «Сырдариямұнай», «СаутсОйл» мекемелерінің кен орындарына экскурсияға, вахтаға  апарып, түрлі техникалармен таныстырылады. Машықтанушы тәжірибе уақытында курсына сәйкес тәжірибелі мамандармен пара-пар жұмыстар жүргізіп, жоғары деңгейде кәсіби шеберлігін шыңдап, мол тәжірибе жинақтайды.

Колледж директорының қатысуымен өткізілетін жиналыста колледж түлектерінің жұмысқа орналасу нәтижесі, білім алушылардың мемлекеттік тәжірибеге дайындық сапасы, оларды алдын-ала жұмысқа орналасу бойынша жүргізген жұмыс бітіруші  курс білім алушыларының жазғы кәсіптік тәжірибеге дайындығы талданады. Нәтижесінде кәсіптік  тәжірибе  әрекетіне сапа диаграмма жүйесін енгізу, білім алушылардың теориялық білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде жүзеге асыру мүмкіндігін түсіндіруі. Колледждің маңызды міндеттерінің бірі түлектердің тәжірибелік ортада сапалы дайындығы болып табылады.

ДЖУМАНОВА ЖАНАР АБДЫЖАЛЕЛОВНА

Тәжірибені ұйымдастыру және жұмыспен қамту қызметінің меңгерушісі

т.ғ.магистрі

1983 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 

2002-2006 жылдар «Сейхун» академиясын «Тарих және география» мамандығын бітірді.

2012 жылы «Абылай хан» атындағы колледжінде тәжірибені жинақтау бөлімінің инспекторы.

2016 жылы тәжірибені ұйымдастыру қызметінің меңгерушісі.

 

НАУРЫЗБАЕВА АЙСУЛУ

Тәжірибені ұйымдастыру және жұмыспен қамту қызметінің маманы

1990 жылы 27 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 2007 жылы №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне оқуға қабылданады. 2011 жылы аталған университеттің «Топырақтану және агрохимия» бакалавры мамандығы бойынша бітірді.

2012 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылға дейін «Қазақ-Қытай академиясы» мекемесі ректорының көмекшісі.

 2015 жылдың  наурызынан «Абылай хан» атындағы колледжі бастап тәжірибе бөлімінің инспекторы қызметін атқарады.