• ablayhan

Ұлы Отан Соғысы

Батырдың ұрпағымын........ Дәл осы сөз айтылғанда кеудемді мақтаныш сезімі кернеп, ел мен жер алдындағы жауапкершілігім арта түседі. Себебі, сіз де мен де сонау қиын қыстау замандарды бастан кешірген, жау оғының алдында кеудесін тосқан, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қанын төгіп, жанын берген батырлардың жалғасымыз. Бүгінгі күн сол батырларды ұлықтайтын, сол халықтың біртуар азаматтарын еске алып, бүгінгі тәуелсіз бейбіт күннің қадірін түсінетін күн.


Ерімбетов Шайхы Ерімбетұлы – майдангер, Ұлы Отан соғыс ардагері. Атамыз 1916 жылы Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, Аққыр савхозында дүниеге келген. Сұрапыл соғыс басталған уақытта атамыз небәрі 25 жаста болып,Минскке аттанған екен.29 жасында соғыстан аман- есен оралады.

Батыр, ардагер атамыз 1994 жылы 78 жасында дүниеден озды.Тамыры тереңге жайылған атамыздың қазіргі таңда 27 немере,17 шөбересі бар.

Батырдың немересі атанып, есімін арқалап жүру мен үшін үлкен мақтаныш, жауапкершілік. Біз қазақ деген батыр халықтың ұрпағымыз. Біздің өткеніміз барша қазақстандықтың тарихы. Бейбіт күнді сыйлаған қаны мен терін аямаған ата-бабаларды ұлықтап, құрмет көрсету барша қазақстандықтың парызы. Осынау тарихы мен батырлары бар біздің халқымыз бақытты.


ТЖН-31 «А» оқу тобының студенті Шайхы Аружан

#Qaharman

#Ұлыжеңіскүнімен

#ЕР ЕС

ІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ


0 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все