• ablayhan

"Нашақорлыққа – жастардың көзқарасы" атты семинар өтті.












ЕСІРТКІГЕ ЕЛІКТЕГЕННІҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР

26 маусым- Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай колледжде "Нашақорлыққа – жастардың көзқарасы" атты семинар өтті.

Студент жастармызбен кездесуге Денсаулық саласының маманы Алия Яхудаевна келіп және оқу орнымыздың медбикесі Сыдыкова Алтынкул Алибековна, «Жастар ісі жөніндегі» комитетінің төрағасы Қуанышбай Құрманғазы қатысуымен есірткі туралы ақиқат пен жалған тақырыбына жастар арасында өмірдегі кездесетін жайттарды баяндады. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, электронды темекінің зияны жайын түсіндірді. Басында жай қызығушылықпен бір рет қолданып көремін деп, есірткіге тәуелді болып қалған жастар туралы айтылды. Студент жастармыздың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Сеиинар соңында мамандар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып «Есірткінің қоғамға зияны туралы» фильмдер, бейнероликтер көрсетілді.

#bilimkzo

#нашақорлыққажолжоқ

4 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Қосымша Қазақ тілін оқуға арналған порталдар «Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленге