2020-2021 оқуға қабылдау ережесі!✔

Мамыр. 02, 2021

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдайды!

✅Биылғы оқу жылындағы өзгешеліктер:

▶️Талапкер Ұлттық Тестілеу Орталығына құжат тапсырады, құжат тапсыру 20 маусымнан басталады;

▶️Ақылы оқу түрі мен жұмысшы біліктіліктері бойынша нәтижелі грантқа түсу үшін колледж базасындағы қабылдау комиссясына келіп құжат тапсырады;

▶️Ұлттық Тестілеу Орталығына барып 4 оқу орнын таңдап,4 мамандық бойынша өтініш бере алады;

▶️Егер талапкер тек қана «Абылай хан» атындағы жоғары колледжін таңдап тұрса, 4 оқу орнын жазбай, бірден біздің оқу орынды жазып көрсете алады;

▶️Оқуға түсуге тест тапсырмайды, аттестаттың орташа балы (GPA) анықталып, 20 маусым-20 шілде аралығында конкурсқа түсетін болады;

▶️Конкурстың нәтижесімен мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданады.

❗Ұлттық тестілеу орталығының мекен-жайы: Тәжібаев 18 А

📞Толық ақпарат: А.Н.Жусупова 8-776-295-53-55