Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмысы

Мамыр, 05. 2021

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс» кестесіне сәйкес, оқу орнымыздың 1, 2 курс білім алушылары мен топ жетекшілерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді. Жиналысқа облыстық білім басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы – Шолпан Рүстемқызы, Қызылорда қалалық полиция басқармасының полиция майоры Абдразақова Р. Е. және Облыстық денсаулық басқармасы, Қызылорда және облыстық наркодиспансер, «Жастар денсаулық орталығы» КММ-нің дәрігері қатысып, білім алушылармен ой бөлісті, кеңінен сұхбаттасып, түсіндірме, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, түнгі уақытта бейберекет жүруі, ұрлық, зорлық-зомбылық бойынша статистикалық мәліметтермен кеңінен ақпараттандырып, қаншама жастардың және ата-аналардың қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын хабардар етті. Сала мамандарының даярлаған слайдтарын (суреттер) білім алушылармен кеңінен бөлісіп, Қызылорда облыстық Прокуратурасының арнайы дайындаған бейнероликтері көрсетілді.
Құрметті студент жастар, жаз айларында барынша қоғамдық жерде тәртіптілікті сақтап, құқық бұзушылыққа бармай, денсаулығыңызбен, өміріңіздің қауіпсіздігіне немқұрайлық танытпауларыңызды сұраймыз.