ТЖ ашық сабақ

Сәуір. 01, 2021

1517000-«Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 1-курс білім алушыларымен «Менің болашақ мамандығым» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақ барысында білім алушыларға Өрт техникасын, авариялық құтқару техникасы мен жабдықдарын, түрлерін, жұмыс істеу тәртібі таныстырылды. Осы мақсатта екі өрт сөндіру автомобилі көрсетілді. Бірі АЦ-5-40 автомобилі, екіншісі АҚА-20. Шығарылатын өрт техникалық құрал- жабдықтар, авариялық құтқару құралдарымен 1 курс білім алушылары танысып, мамандықтарына деген қызығушылықтары арта түсті!