Баршаңызды Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймыз!

Мамыр, 8. 2021

Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн құтты болсын!
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдаңгерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаhармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жаңқиярлық үлгісін көрсеткен қаhармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз! Көк туымыз әрқашан бейбіт аспан астында қалықтасын!