«Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Сәуір. 23, 2021

Құрметті білім алушылар, апта басында өздеріңізге ватсап желісі арқылы ескертіп, ақпараттандырылғандай 2021 жылғы 19-25 сәуір аралығында облысымызда «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы құқық қорғау қызметкерлерімен колледж (мектеп) әкімшілігі, мұғалімдер және басқа сала мамандарының қатысуымен рейд жұмыстары жүргізілуде. Іс-шараның 3 күнінде полиция органдарына барлығы 217 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 195 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары анықталды. Ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, 22-сі қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандары үшін облыстық кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.
Құрметті студент жастар, түнгі уақытта ата-анасыз көшеде бейберекет жүрмеулеріңізді сұраймыз.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелет жасқа толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталықтарында және сағат 23:00 – ден 06:00 ге дейін заңды өкілдернің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуға тиымсалынған.