КІТАПХАНА

20160125_161926.jpg

20160125_161926.jpg

20160204_172407.jpg

20160204_172407.jpg

5.JPG

5.JPG

20160204_172550.jpg

20160204_172550.jpg

2.JPG

2.JPG

c360_2014-02-19-12-15-47-691.jpg

c360_2014-02-19-12-15-47-691.jpg

c360_2014-02-19-12-10-02-305.jpg

c360_2014-02-19-12-10-02-305.jpg

c360_2014-02-19-12-09-29-191.jpg

c360_2014-02-19-12-09-29-191.jpg

c360_2014-02-19-12-13-33-440.jpg

c360_2014-02-19-12-13-33-440.jpg

Қоспанова Айымкүл

Кітапхан меңгерушісі

   Қазір елімізде ақпараттық қоғам құру процесі қарқынды жүріп жатқан жағдайда ақпарат, ақпараттық байланыстар қоғамның кез-келген саласының негізгі өзегіне айналып отыр. Колледж кітапханасы- ақпараттық орталық ретінде үйлестіруші, байланыс факторларын қалыптастыруда оқырмандарға нәтижелі қызмет көрсетіп келеді.

      Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыттырдан бастау алған білімді, ізденімпаз жастарымыздың рухани талабын қанағаттандыруда коллеж кітапханасы сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай, ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білімгерлер және оқытушылар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда.

     Кітапханада қырқүйек айынан бастап, жаңа оқу жылында қабылданған 1-курс білім алушыларын кітапханамен таныстыра отырып, кітапты пайдалану ережелері және анықтамалық басылымдармен жұмыс жасау түрлері, электрондық оқулықтарды пайдалану және кітап қорындағы жалпы пәндер және арнайы бойынша оқулықтарды іздестіруге кеңестер беріледі.

    Кітапхана қорын толықтыруда республикамыздың алдыңғы қатарлы баспа өнімдерімен, таныса отырып, оқу бөлімінің пәндер циклдарының тапсырыстарын қабылдап, қажетті оқулықтарға сұраныс жасалуда. Үстіміздегі оқу жылының 1-ші жартысында «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» баспасынан 316 оқу құралдары мен 44 электронды тасмалдағыш, сондай-ақ «Нұр-принт» баспасынан 156 дана әдебиеттер және жеке автор арқылы 20-дана кітап қорды толықтыра түсті. Аталған әдебиеттерді алуға есеп  бөлімінен барлығы- 273,402 теңге жұмсалды.

    Арнаулы пәндер бойынша оқу процесіне өте қажетті деп танылатын оқулықтарды облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасынан алу арқылы, өзімізден сканер арқылы көшірме жасауды қолға ала бастадық. Нәтижесінде 22 дана оқу әдебиетінің электронды нұсқасы жасалды. Сондай-ақ Елбасымыздың «Қазақстан 2050 стратегиялық» бағыттарында  «2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының электронды оқулықтарды пайдалану саны 90 пайызға дейін артады деп» қойылған міндетін іске асыру жолға қойылуда.

Жоғары курс білім алушыларын кітапханадағы кәсіби пәндер бойынша электронды оқулықтармен және тасмалдағыштармен таныстыра отырып, пайдалануға ұсынамыз.

    Кітапханада кітап қорындағы таңдаулы әдебиеттер және мерзімдік басылым беттеріндегі тың деректер мен маңызды мағұлматтар іріктеліп ел тарихындағы елеулі оқиғаларға байланысты кітап көрмелері жасалады, мысалы: «Елдік белестеріне-550 жыл», «Абай-дара қазақта», «Тәуелсіздіктің ширек ғасыры», «Ұлт жоспары-Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасы», «Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 170 жыл» тақырыбындағы кітап көрмелері білім алушылар назарына ұсынылды.

    Кітапханада «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен отбасы күніне арналған «Отбасы шағын мемлекет» тақырыбында бірінші курс студенттері арасында пікірсайыс өткізілді.  Сонымен қатар «Жас Отан»жастар қанатының Еріктілер тобы «Кел, жастар, оқылық» бастамасымен ескірген кітаптарды қайта жаңалау, жөңдеу жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде 153 дана оқулықтар жаңартылып, қайта өңделді.

    Кітапханада білім алушылардың арасында кітапқа қызығушылығы бар шығармашылықпен айналысатын студенттерді қолдап, олардың туындыларын баспасөз бетінде көруіне көмектеседі.

    Кітапханамен тығыз байланыс жасайтын бірнеше белсенді студенттерді атап айтуға болады:Кеңес Дәметкен, Қуаныш Жансая, Әлімова Гүлсая, Қазбек Дина, Арыстабек Нұрсауле, Молдабаев Орынбек, Күзенбай Бағлан, Базарбай Жансая т.б

    Қорыта айтарым, заман талабына сай жан-жақты, жаңа технологияларды меңгерген білім алушы жастардың кітап әлемінен қажетті ақпараттар алуына кітапхана ұжымы белсене ат салысады.