«Педагогикалық және техникалық мамандықтар» бөлімінің 

ӘНЕСОВ ҒАНИ ӘБДІХАМИТҰЛЫ

«Педагогикалық және техникалық мамандықтар» бөлімінің  меңгерушісі

І санатты оқытушы

 

  • Серитфикат, «Кәсіпқор» холдингі» Кәсіптік білім беру орталығы ұйымдасытырған «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курысынан өткені үшін берілді – 2018 жыл.

  • Куәлік, «Ғылыми жобаларды жазу және қорғау» тақырыбында біліктілік арттырып, «тренер» дәрежесі берілді – 2018 жыл.

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде онлайн курсын аяқтады-2020 жыл.

  • ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту аясында «OnlinMektep арқылы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде онлайн-курсын сәтті аяқтады-2020 жыл.

 

  Құрмет Грамота, Қызылорда облыстық білім басқармасы, «Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында  сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін»

  ІІІ дәрежелі диплом, «Үздік жалпы пән оқытушысы – 2018» облыстық байқауы

  Алғыс хат, 2018 жыдың сәуір-мамыр айлары аралығында PISA-2018, ICILS-2018

және TIMSS-2019 халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру мен өткізуге сүбелі үлес

қосқану үшін ҚРБжҒМ «Ақпараттық-талдау орталдығы» АҚ

      Лауазымдық міндеттері: Бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
   Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.