САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

 

             «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі Қызылорда облысының ірі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орыны болып табылады және техникалық, экономикалық және шығармашылық бейіндегі мамандарды дайындайды. Колледж жоғары көрсеткіштермен, рейтингтермен сипатталып, өңіріміздің оқу орындары арасында алдыңғы қатарлы орынға ие, және де аймақтың кәсіпорындары үшін үлгілі оқу орны болып табылады.

            Колледждің сапа саласындағы саясаты оның Мақсаткерлігіне және Даму стратегиясына сәйкес келеді, ол, ғылым, білім мен өндірістің бірлесуін ұйғаратын инновациялық оқу орнының Қазақстандық моделі шегінде, заңды және нормативтік құжаттарға, нарық пен тұтынушының өзгеріп тұратын талаптарына сәйкес барлық санаттағы тұтынушылардың өз қызметі нәтижелеріне неғұрлым толық қанағаттануына бағдарланған.

Сапа саласындағы саясат ұйғарады:

  • инновациялық жоғары оқу орнының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесіне ие болуды;
  • мамандардың инновациялық білім алу және оларды делдалдық дайындау жүйесін жетілдіруді;
  • ішкі және шалғай жатқан инновациялық құрылымдарды қалыптастыру мен дамытуды;
  • жаңа талаптарға баламалы корпорациялық мәдениет және ішкі бәсекелік орта құруды;
  • мүлтіксіз менеджмент сапасының негізгі қағидалары енгізілген тиімді СМЖ-ін дамытуды;
  • ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес жүйелі мониторинг және оның құжаттамаларын тиімді өзектендіру жолымен, сапа менеджіменті жүйесінің нәтижелілігін арттыруды;
  • ел экономикасының инновациялық секторының қажетсінуін қанағаттандыруға бағытталған білім, әзірлемелер мен технологиялар құруды және оны трансферттеуді;
  • аймақтың инновациялық жүйені қалыптастыруға қатысуды;
  • халықаралық жобаларға қатысуды және әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуді.

   «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің жоғары басшылығы колледжді дамыту саясаты мен стратегиясын әзірлеу, оны іске асыруға барлық ұжымды жұмылдыру, жұмыс істеуде жеке үлгі көрсету және СМЖ қағидаларын жақтау арқылы өз көшбасшылығын қамтамасыз етуге ұмтылады.

  Колледж қызметкерлері, барлық үдерістердің құзыретті және толық құқықты қатысушылары бола тұрып, жұмыс сапасын және оның нәтижелілігін жан-жақты арттырып, өз қызметін бастамашылдықпен әрі жауапкершілікпен жоспарлайды және жүзеге асырады.


 

Колледж студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері