ҚҰРЫЛТАЙШЫ

Нуралиев Кажденбек Аленович

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің құрылтайшысы

Тарих ғылымдарының кандидаты, 

философия докторы (PhD) педагогика ғылымдары

 

Жетістіктері;

ХХІІ – Республикалық орындаушылық шеберлік смотр конкурсының  лауреаты (Талдықорған қаласы);

Қазақ ССР ЛКСМ Орталық  комитетінің  және Қазақстанның ағарту министрлігінің  дипломы;

Қазақстан Республикасының «Білім  беру ісінің  құрметті қызметкері»2007ж.;

«Ы.Алтынсарин»  медалінің иегері – 2009ж.;

«Қызылорда  облысына -70  жыл»  мерекелік  медалі;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі 2011ж;

Қазақстан Республикасы  Президентінің Алғыс хаты, 2011ж.;

Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы нәтижелі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығының  А.Байтұрсынов  атындағы қола медалі 2013 ж;

Аймақтық менеджмент академиясының Төралқа шешімімен «Басқару ойының дамуына қосқан үлесі үшін» Ф.Тейлор атындағы Алтын медалі және т.б.
Отбасылы. Екі ұл, екі қыз және 6 немерелі.