ОҚУ БӨЛІМІ

Шенгелбаева Мейримкуль Алмасбековна

  2011 жылдың қыркүйек айынан бастап «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде қызмет атқаруда. Алғашқы қызметін оқытушылықтан бастаған ол, 2013 жылы «Жалпы пәндер» ПӘК төрағасы, 2017 жылы оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Жоғары білімді, өз қызметін жетік меңгерген, жауапкершілігі жоғары қызметкер. Бірінші санатты ұстаз, «Химик-технолог» магистрі.

Марапаттары:

  • Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, зерделі, ой-өрісі кең жастарды тәрбиелеуге, білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Б.Сайлыбаевтың Алғыс Хаты, 2017жыл

  • Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтен ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2018 ж. Астана.

  • Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Шинтасовтан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2019жыл. 

  • Курстан өтуі:

  • 2018ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Оқытудың білімдік нәтижелеріне жету сапасын бағалау бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат .

    2018ж.

  • «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес АҚ Кәсіптік білім беру орталығы «Модульдік құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін және бсшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктіліктерін арттыру курсынан өткендігін растайтын Сертификат.

    2018ж.

  • Сертификат выдан Шенгелбаевой Мейримкуль за участие в работе обучающегося семинара-тренинга «Формирование навыков сохранения репродуктивного здоровья в ходе преподавания предмета «Валеология» г. Кызылорда, 12-14 февраля 2018г. 

  • 2020 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Жаңартылған бағдарлама аясында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдістемесі» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өткедігі туралы сертификат.

Оқу бөлімінің жылдық жоспары
Академиялық күнтізбе
Оқу үрдісінің графигі

                                                                     Оқу бөлімі

Мақсаты:

  • Білім сапасын арттыруда оқытуды инновациялау және коммуникативтік құзіреттіліктер негізінде  бәсекеге қабілетті, жаңа Қазақстанға кәсіби  құзырлы, интеллектуалды коммуникативті, функционалды сауатты кәсіби мамандар даярлау

  • Оқушының жеке  тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану

  • Білім берудің ұлттық құндылығын әлемдік білім  құндылығымен ұштастыра білетін, қазіргі қоғамға қажетті икемділікті қалыптастыра алатын, танымдық, шығармашылық іс-әрекетте өзін-өзі дамытуды мақсат еткен жаңа Қазақстанға кәсіби  құзырлы,үш тілді меңгерген, интеллектуалды коммуникативті құзіретті  маман даярлау

  • Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы,гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану

Міндеттері:

  • Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсаында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін,  дағдысын қалыптастыру

  • Білім беру сапасын үздік әлемдік стандарт деңгейіне көтеру

  • Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру     арқылы оқушылардың білім сапасының көрсетілуіне  ықпал ету

  • Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету бөлімнің  білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында,материалдық-техникалық базаны жақсарту

  • Мұғалімдердің педагогикалық мамандығын жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру

  • Педагогикалық жаңа, озық технологияларды оқып үйрену және тәжірибеге енгізу

Тютебаева Арайлым Женисбековна

1991 жылы 25 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары:

2009-2013 жж  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты - «Тарих және өнер» факультеті, тарих пәні мұғалімі.

2014-2016 жылдары Қазақстан халықтар достастығының университеті, Шымкент қаласы .                 Педагогика және психология ғылымдарының магистрі.

Жұмыс өтілі:

2014-2015 жж   «Қазақ-қытай» академиясында офис тіркеуші.

2015-17 жылдар  «Абылай хан» атындағы колледжінің оқу бөлімі инспекторы.

2017 жылдан бастап «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің оқу бөлімі маманы.

Марапаттары:

2015 жылы «Балалар мен жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсамауының алдын алу іс-әрекеттері» тақырыбындағы Республикалық әдістемелік семинар.

2016 жылы «Абылай хан» атындағы колледжінің директорының Алғыс хаты.

2016 ж. Қызылорда облысының Білім басқармасы Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті, зерделі, ой-өрісі кең жастарды тәрбиелеуге, Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Б.Сайлыбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.