«Төтенше жағдайда қорғану және экология» бөлімі

Маханов Мейрбек Турсынбаевич

Бөлім меңгерушісі

Алматы өрт техникалық училищесі

Полковник

 

2.Бөлім меңгерушісі

         Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Бөлімде 2 пәндік әдістемелік бірлестік бар.

 

«Төтенше жағдайда қорғану және экология» ПӘК–ның жетекшісі:

Тайшиева Айнұр Болатқызы

2008-2012 жылдары «Қазақ-Қытай» Академиясын бітірген. Мамандығы: Эколог

 

«Жалпы пәндер» ПӘК – ның төрағасы:Әнесов Ғани Әбдіхамитұлы

 2011-2015 жылдары Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Химия пәнінің оқытушысы.

 

Пәндік әдістемелік комиссияның мақсаттары мен міндеттері

ПӘК мақсаты: Пәндік педагогикалық ұжымы қызметінің тактикасын әзірлеу, осы қызметті үйлестіру.

ПӘК міндеттері:

  • Пәндер мен мамандықтарды кешендік оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу және жетілдіру;

  • Инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру;

  • Педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру.

 

ПӘК функциялары:

  • Ұйымдастырушылық

  • Үйлестірушілік

  • Талдамалық

  • Бақылау