Құқықтану

0201000 - «Құқықтану»
Жалпы сипаттама
Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктегішіне сәйкес келеді.
Нормативтік оқу мерзімі:
- негізгі жалпы білім базасы негізінде - 2 жыл 10 ай;
- орта жалпы базасы негізінде - 1 жыл 10 ай;
Түлектің біліктілігі – кеңесші - заңгер
«Құқықтану» мамандығы бойынша заңгердің кәсіптік қызмет обьектілері-сот жүйесі, сот атқарушыларының департаменттері, нотариалды кеңселер, салық органдарының жүйесі, әділет басқармалары, прокуратура және ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы билік органдары және өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер.
«Құқықтану» мамандығының түлектері мынадай кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- құқықтық-кеңес беру жұмысы;
- ұйымдық-басқару жұмысы;
- сот жүйесінде білікті құқықтық қызмет көрсету,
- мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтық қызмет;
- шаруашылық-құқықтық жұмыс.