"АБЫЛАЙ ХАН" атындағы жоғары колледжі туралы

  Колледж миссиясы.  Өңірлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби қызметін дербес орындай алатын білікті мамандар даярлау, аймақтың экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес білім алушының үздіксіз білім беру жүйесін дамыта отырып, азаматтық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, еңбекпен қамтылуына ықпал жасау.

Колледждің болашағы. Колледж стратегиялық жоспарлау міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында көшбасшы колледждердің бірі ретінде республикалық деңгей талаптарына сай колледжге айналуды көздейді.

 

  2001 жылы құрылған «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі 2015 жылы ISO 9001- 2009 № 0038528 «Сапа менеджмент жүйесінен» сәтті өткен, 13 мамандық бойынша аймақтағы бәсекеге қабілетті маман даярлайтын 15 жылдық тарихы бар білім ордасы. Бүгінгі күні «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі 4 қабатты оқу ғимараты, 3 қабатты студенттер үйімен, 200 орындық студенттер сарайы, 150 орындық асханасымен, заманауи талаптарға сай дәрісханалармен, электронды оқу залы мен кітапхана, 1298,7 шаршы метрді құрайтын халықаралық  стандартқа сай жаңа үлгідегі спорт  кешені, білімгерлердің сапалы білім алуын жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді.

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГIнің (БСҚА) 2017 жылы жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің Ұлттық рейтингісі қорытындысы бойынша «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі мекемесі Қазақстанның үздік көпсалалы колледждерінің рейтингінде 2-орынды иеленді. 

Сонымен қатар, «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII облыстық форумның нәтижесімен 2016 жылы 4-қараша айында өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым - 2017» облыстық байқауында ІІ орынмен марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы бойынша Орта арнаулы білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Даму динамикасы» номинациясының нәтижесінде «Абылай хан» атындағы колледжі «Гордость образования 2016» Ұлттық сертификатына ие болды.  

 

Оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен жұмыс ауқымын жүйеге түсіріп, ақпараттық технологиямен толық жабдықтау жұмыстарын қарқынды жүргізуінің көрсеткіші – жоғары колледж ұжымын 2014 жылдан басқарып келе жатқан колледж директоры  Р.К. Дүлдүлдің,  Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт Жоспары - «100 нақты қадамын» басшылыққа ала отырып жасаған «2016-2021 жылдарға арналған «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің стратегиялық даму жоспарында» көрсетілген салалар бойынша көптілді мамандар даярлауда сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуы үшін оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға жағдай жасау.

  Білім сапасын көтерудегі  колледждің мақсаты: болашақ мамандардың рухани, интеллектуалдық және кәсіби мүмкіндіктерін дамытып, жоспарлы түрде әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, құзыретті маман дайындау. 

  Еңбек нарығындағы түрлі салалар бойынша туындаған мамандарға қажеттілікті, сұранысты өтеу арқылы «Абылай хан» атындағы колледжі қоғамдағы өзіндік дәрежесін, заманауилығын, бір сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілетті маман даярлауда қабілеттілігін дәлелдеген оқу орны. Колледжіміздің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ұтқыр, білімді студенттер. «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің бұл орайда, бір ғана «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы студенттерінің 2015 жылы Белоруссия елінде өткізілген «ХІІІ Халықаралық жас құтқарушылар» жарысында 15 елдің арасында өткен тартысты сайыста жүлделі ІІІ орынды, Азербайжан Республикасында 2014 жылы өткізілген «Жас құтқарушы» сайысында ІІІ орынды иеленген сайыс нәтижелерінен аңғаруға болады. 

 

Күтілетін нәтиже.

  • колледж құрылымын реформалау және соған байланысты мәдениеті мен әлеуетін жетілдіру және дамыту;

  • білім беру үдерісін мониторингілеу нәтижесінде колледж менеджментін барлық деңгей мен барлық формада тұрақты түрде жақсартып отыру;

Колледждің білім беру үдерісінің басым бағыттары бойынша:

  • біліктілік деңгейі бойынша үздіксіз дамудағы еңбек нарығы сұранысының талаптарына жауап бере алатын кәсіби мамандар даярланып отырады;

  • колледж тұтынушыларының білім сапасын артады;

  • мамандықтардың беделі көтеріледі;

  • жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгіштік сезім мен жоғары адамгершілік, көшбасшылық қасиеттер жоспарлы түрде қалыптасады;

  • білімгерлердің кәсібилік әлеуеті қалыптасады;

  • тұтынушыларымыздың рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін толық қанағаттандырылады;

  • отандық және шетелдік, бір-біріне жанасатын тәжірибені талдау, іске асыру барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі.

  • өзгермелі жағдайларда білім беру сапасын қамтамасыз ету;

Аталған стратегиялық міндеттердің шешімі кәсіби мәдениеттілік пен шеберлікті, белгілі бір білімді мақсатты түрде қалыптастырумен бірге төмендегідей міндеттерді қажет етеді:

  • барлық стратегиялық бағыттар мен міндеттер бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған интегративті жолдармен бас  жоспарды, лездеме жоспарларды зерделеп құрастыру

  • міндетті түрде колледжіміздің Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалау бағдарламаларын, стратегияларын және тұжырымдарын қолдану арқылы шешу.

МІНДЕТТЕР

  • білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен өзгерту;

  • денсаулық сақтау ортасын құру;

  • ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын орта құру;

  • сапалы білімді беру мақсатында мобильді ақпараттық оқыту ортасын құру, ақпараттық қорды ыңғайлы, икемді етіп, ұжымды дағдыландыру (колледж сайты арқылы, т.с.с.);

  • жеке тұлғаны қалыптастыруда, қоғамдағы «студент–оқытушы-ата-ана» ара-қатынасының тиімді нәтижеге жетуіне жағдай туғызу;

  • ұжым қызметкерлерінің креативті ойлауын, әдістемелік, педагогикалық және басқару шеберлігін арттыру, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқыту мазмұны мен технологиясын жаңарту негізінде білім сапасын көтеру;

  • бар қорды тиімді пайдалану, қосымша қаражат тартуды қамтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді (білім беру, даярлау, қайта даярлау, біліктілік арттыру т.с.с) енгізу, колледждің инновациялық әлеуетін арттыру;жаңартылған басқару талаптарын кезегінде енгізіп отыру. 

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

Колледж қызметін ұйымдастыру және бақылау төменде көрсетілгендей негізгі бағыттарда жүргізіледі:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру ортасы;

  • ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік орта;

  • ақпараттық оқыту алаңы;

  • үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру ортасы;

  • үздік білім алушылар мен оқытушылардың жұмысын бағалау, т.б.

 

Салауатты  орта қалыптастырудағы міндеттер:

  • студенттер мен оқытушылардың денсаулығын сақтауға жағдай туғызу;

  •  колледжде санитарлық- гигиеналық талаптарды қатаң сақтау;

  • спорттық секциялардың, түрлі үйірмелер  жұмысын белсендіру;

  • спорттық материалдық базаны толыққанды пайалану

 

Ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік ортаның міндеттері:

  • Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; 

  • Әрбір тұлғаны қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;

  • ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

  • түрлі жағдайдан тиімді жол тауып шығуға үйрету;

  • білімгерлерді жүйелі ойлауға бағыттау;

  • өзін-өзі басқаруға және өзгені басқару дағдыларын қалыптастыру.

 

Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру:

  • ең жоғарғы деңгейде шетел тілін оқып, үйренуге жағдай жасау;

  • ағылшын тілін меңгерген оқытушыларды дайындау жұмысын сапалы жалғастыру;

  • шетелдік волонтерларды тарту

  •  

  • Үздік білім алушылар мен оқытушылардың жұмысын бағалау, зерделеу:

  • оқытудың, білімгерлердің білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың жасалған біртұтас жүйесін кезегінде жаңартып отыру

  • «Үздік оқытушы», «Үздік ПӘК», «Үздік кабинет», т.б. байқауларын ұйымдастыру;

  • облыстық, республикалық байқауларға, сайыстарға белсенді қатысуға жағдай жасау;

  • педагогтардың жұмысын бағалаудың рейтинг жүйесін жетілдіру;

  • нәтижеге негізделген білім беруде «оқытушы – студент» активті қарым-қатынасты жүзеге асыру.