ТАЛАПКЕР

Құрметті талапкер!

 

 Егер сіз бәсекеге қабілетті, еліміздің  ертеңіне өз үлесіңізді қосып, белсенді азаматтар қатарынан табылып, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болғыңыз келсе, онда "Абылай хан атындағы жоғары колледжіне қош келдіңіз"!

Мұнда Сізді қаншама жас маман кадрларын шыңдап шығарған тәжірибелі оқытушылар күтеді. Олар сізді түрлі мамандықтар бойынша шеберліктің бастамаларына үйретеді. Атап айтсақ, мұғалім, құрылысшы, құтқарушы, өрт сөндіруші, программист, шаштараз өнері, тігінші т.с.с. абыройлы  мамандықтардың өзіндік таңғажайып  әлемін ашады.

 Қазіргі еңбек  нарығында бәсекеге қабілетті болу – әуелі мамандықты дұрыс таңдау болса, екінші таңдаған мамандығыңыз бойынша сапалы білім алу. Бұл мақсатқа жету – талапкердің арманы. Арманыңызды іске асыру үшін білім деңгейінің аты емес (жоғары немесе орта арнаулы), оның сапасы маңызды. Сапалы білім беретін «Абылай хан» колледжі туралы жалпы ақпараттар жиыны, оқу орнының тыныс-тіршілігі колледжіміздің веб сайтында көңіл толарлықтай шоғырландырылған. Сіздің мамандықты дұрыс таңдауыңыз өмір бойы болашақ жұмысыңызға негіз және кәсіби қызметіңізде өзіңізді көрсетуге, өсіруге мүмкіндік береді.

 

Қабылдау ережелері

  • Өтініштер  20 маусым мен 20 тамыз аралығында қабылданады.

Талапкер тапсыратын құжаттар тізімі:

-          мектепті бітіру туралы аттестат  (түпнұсқа)

-          075-У медициналық формадағы анықтама

-          көлемі 3х4 (6-фотосурет)

-          жеке бас куәлігі немесе туу туралы куәлік (түпнұсқа,  көшірме)

  • Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне 1 тамыздан  28 тамыз аралығында  өткізіледі. 

        

бас лицензия (1).jpg

Колледж төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

 

01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт»

01140100  «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

10120100 «Шаштараз өнері»

10120200 «Эстетикалық космитология»

07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

06120100  «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)»

07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

05220100 «Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)»

10320200 « Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)»