ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Колледждің халықаралық ынтамақтастық қызметі

 

         Кәсіби ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында «Абылай хан» атындағы колледжі білім беру үрдісінде күнделікті білім берумен ғана шектелмей, шетелдік оқу орындарымен ғылыми, оқу-ағарту, мәдени байланыстарды дамыту мақсатында  өзара ынтымақтастықта жұмыс жасап келе жатқан аймақтағы бірегей орта оқу орны.

 

«Абылайхан» атындағы колледжінде Халықаралық ынтымақтастық қызметі жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда колледж Ұлыбритания, Ресей, ҚХР, Қырғызстан оқу орындарымен екі жақты келісім-шарт негізінде ынтымақтастығын нығайтып келе жатыр. 

  • ҚХР Шинжяң педагогикалық университеті (ҚХР, Шинжяң)

  • Bedfordshire университеті (Англия)

  • ҚХР Шинжяң оқу-ағарту институты (ҚХР, Шинжяң)

  • НОЧУ СПО Гуманитарлық колледжі (Ресей, г.Омск)

  • «Қырғыз-Қазақ» унверситеті колледжі (Бішкек, Қырғызстан)

 

 Білім беру ұйымдарының арасындағы халықаралық ынтымақтастық орнату – білім беру үрдісін дамытудағы маңызды міндеттердің бірі.  «Абылай хан» атындағы колледж бен Шиңжяң педагогикалық университеті арасында білім, ғылым және мәдениет саласында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында колледж директоры мен Қытай Халық Республикасы Шиңжяң педагогикалық университетінің ректоры мен іскерлік кездесулер болды. Нәтижесінде, Шиңжяң педагогикалық университеті мен «Абылай хан» атындағы колледжімен екі жақты ынтымақтастық негізінде колледжімізде Чен Дон Фан, Ванг Суи Чен, Ванг Джин Джао қытай тілі магистрлері қытай тілінен факультативтік сабақтардан дәріс оқып, түрлі тілдік курстар ұйымдастырды.

Бұл шетелдік мамандардың жалақысы ҚХР Үкіметі есебінен жүрді, колледж тарапынан жатын орны қарастырылды.

Аталған бағыттар бойынша «Абылай хан» атындағы колледж ҚХР-ғы Шиңжяң педагогикалық университетімен екі жақты келісім-шарт нәтижесінде қос жақтың оқытушылары білім беру үрдісінде тәжірибе алмасса, колледждегі білімгерлеріміз жыл сайын 1 ай және 3 айлық тілдік тәжірибелерден өтіп, аталған университеттің тілтану бағыты бойынша арнайы үлгідегі сертификаттарына ие болып жатыр. Сонымен қатар колледж оқытушыларының білім беру үрдістеріндегі заманауи өзекті тақырыптар айналасындағы ғылыми-әдістемелік, мәдени бағыттардағы мақалалары аталған Шиңжяң педагогикалық университетінің басылымдарында жарияланып келе жатыр.

2012 жылдан бастап байланыс орнатылған ҚХР-ғы Шиңжяң педагогикалық университетінен барлығы 6 оқытушы тәжірибе алмасып, 27 білім алушыларымыз білімдерін шыңдап қайтты. Аталған келісім-шарт негізінде білім алған, қазіргі таңда білікті маман-түлектеріміз республика аймақтарында ІТ саласы, мұнай-газ саласы, төтенше жағдайда қорғану саласы, әкімшілік саласы, т.с.с. басқа да қызметтерде абыроймен жұмыстарын атқаруда.

         2014-2015 оқу жылына «Абылай хан» атындағы колледжі мен Шиңжяң оқу-ағарту институтымен екі жақты келісім-шарт негізі жаңартылып, нәтижесінде аталған институттың оқытушысы Куер Ван Бике Шаулидің колледжімізге келіп, қытай тілінен дәріс беріп және факультативтік пәннен сабақ беруі жоспарланды және аталған оқытушыға қатысты визалық қолдауды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

         Бүгінгі күні, әсіресе, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Қуат Амлон Мұнай», «CNPC Ай Дан Мұнай», «ҚазГерМұнай» қытайлық алып мұнай компанияларымен келісім-шарт негізінде мұнай-газ, экология, қаржы, төтенше жағдай салалары бойынша білімгерлерімізді кәсіби тәжірибелерден өтсе, ары қарай аталған компаниялардың жұмыс берушілердің талаптарына сай қытай тілін меңгерген бәсекеге қабілетті түлектеріміз аталған мекемелерде қызмет атқаруда. Жалпы колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуының көрсеткіші – 65-75%.

Өзге мекемелерден бұрын мұнай компанияларын мысалға келтірудің де себебі бар – ол әрине «Абылай хан» атындағы колледждің  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл»  атты жарқын идеясын 2012-2013, 2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарына арналған колледжіміздің стратегиялық даму бағдарламасына енгізіп, жоспарлы түрде колледжімізде көптілді орта қалыптастырғандықтың нәтижесі.

«Үштұғырлы тіл» саясатына сай  «Абылай хан» атындағы колледжде соңғы үш жылда халықаралық қатынаста қарқынды жұмыстар жасалуда. Бұл уақытқа дейін жоғарыда аталған Чен Дон Фан, Ванг Суи Чен, Ванг Джин Джао сияқты шетелдік магистрлер колледжде жұмыс жасаған болса, биылғы оқу жылында Bedfordshire (Ұлыбритания) университетінің маманы американдық, халықаралық TESOL сертификатының иегері  Августин Н.О. оқу жоспарына сай білім алушыларға ағылшын тілінен сабақ беруде, сонымен қатар, Августин Н.О. жетекшілік жасайтын English Club ағылшын тілі үйірмесі колледждің білімгерлері мен  оқытушыларын тиісті деңгейден жалғастырып оқытуда.