"АБЫЛАЙ ХАН" КВН ҚҰРАМАСЫ

«Абылай хан» құрамасы

Жайдарман тобы

Топ құрамы: Сүгірбай Жарылқасын – жетекші, капитан

Сағынова Жазира – реквизитор, әкімгер

Ибрагим Салтанат – ойыншы

Әбілез Нұрлыбек – музыкалық оператор

Жолтерек Абзал – хабарлаушы, бірінші дауыс

Сайлыбек Ерлан – ойыншы

Сексенбай Сейфулла – ойыншы

Мұстафаев Қуаныш – ойыншы

Қалмырза Тұрған – оң жақ қаптал ойыншы

Ерғали Әділ – ойыншы

 

  Команда жайлы мәлімет: «Абылхай хан» атындағы жоғары колледжі (Қызылорда қаласы) ең алғаш 2010 жылы «Абылай хан сарбаздары» квн командасы болып құрылған. Сонымен қатар, 2013 жылға дейін облыстық премьер-лига, жоғарғы лига, супер лига ойындарының тұрақты қатысушылары, жартылай финалистері атанған. Команда облыс деңгейінде біршама арнайы жобаларда жетістіктерге қол жеткізген. Команданың құрамында Ерсұлтан, Әкім, Мағжан, Өркен сынды ойыншылармен толыққан және де команданың тағы бір жетістігі – Өркен 2013 жылғы «облыстық үздік ойыншы» атағына ие болған.

2014 жылы 20 желтоқсан – команда құрамы қайта жасақталып, «Абылай хан» құрамасы болып қайтадан құрылды. Команда тізгінін және жетекшілік міндетін Баймұрза Асетхан қолға алды.

 

 

Команданың жетістіктері:

2015 жылы РЖҚБ Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен Республикалық «Маусымашар – 2015» фестиваліне (Астана қаласы) барып келген. Маусымашар қорытындысы бойынша Республикалық Батыс Орталық лигасына (Орал қаласы) жолдама алды. 2015 жылы Облыстық Ашық чемпионатының «Маусымашар – 2015» ойынының үздік қатысушылары. Облыстық Маусымашар қорытындысы бойынша Ашық чемпионат 1/4 ширек финалдық сайыстарына жолдама алды. 2015 жылы 23 ақпан күні Облыстық Ашық чемпионатының 1/4 финалдық сайысына қатысып, 1/2 жартылай финалға жүлделі үшінші орынмен жолдама алды. Республикалық Батыс Орталық лигасы 1/8 финалдық сайысына қатысып 1/4 ширек финалдық сайыстарына екінші орынмен жолдама алды. Облыста көрермендер арасында «Жыл жаңалығы» деген ұранның дәлелі болып жүр.

«Абылай хан» құрамасы алдағы уақытта өткізілетін сайыстарға мықты дайындық үстінде. Бұйыртса команданың болашағы зор!

Команданың барлық сайыстарға тұрақты қатысу үшін жан-жақты колдап демеу білдіргені үшін коледж директоры Руслан Дүлдүл Кажденбекұлына өз алғыстарын айтады.

Астана 26.01__3.jpg
Астана 26.01__2.JPG
Астана 26.01__1.JPG
1 Қызылорда 23.01__4.JPG
1 Қызылорда 23.01__3.JPG
1 Қызылорда 23.01__1.jpg
Орал 3.JPG
Орал 2.JPG
Орал 1.JPG
Облыстык ширек финал 3.jpg
Облыстык ширек финал 2.jpg
Облыстык ширек финал 1.jpg
Астана 26.01__3.jpg