ТАЛАПКЕР 2017 жыл

Директордың талапкерге үндеуі

 

Құрметті  түлектер!      

 

   Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын! Сіздер өз еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіздің   нəтижесінде,  қиын сынақтан өтіп отырсыздар. Ата-аналарыңызға жəне мектеп ұжымына өзімнің шын жүректен құттықтауымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Бүгін олар сіздер үшін қуанып, сіздерді мақтан тұтады. Тез дамушы өмірде сіздерге əлі талай рет қиындықтарды еңсеру, қиын мəселелерді шешу жəне кез келген істе нəтижеге қол жеткізу қабілеті керек болады. Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – өз қолдарыңызда. Біз сіздің болашағыңыздың сапалы білім алумен байланысты болғанын қалаймыз. Егер, сіздер "Абылай хан" атындағы колледжінде білім алатын болсаңыздар, үлкен өмірге жол ашасыздар, кəсіби дағдыларға ие болып, мəнсаптарыңыздың тұрақты өсуін қамтамасыз етесіздер! Бұған сенімді болыңыздар! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, тəуелсіз Қазақстанның құрметті азаматтары болуға тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, оптимистік көңіл-күй, шығармашылық шабыт жəне оқуда жетiстiктер тiлеймiн! Тəуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтары болыңыздар! Еңбек пен күш-жігерлеріңізді еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмсаңыздар!

 

Ізгі ниетпен,  директор,  с.ғ.к, Р. К. Дүлдүл