"САМҒАУ" ҰЖЫМДЫҚ БАСЫЛЫМЫ 

Құрметті "Самғау" газеті оқырмандары!

 

   Қай елдің болмасын саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа салаларында болып жатқан оқиғаларын, жаңалықтарын көпшілік назарына уақытылы жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын   ролі қашанда ерекше екені белгілі.  Оқу орнымыздың «Самғау» газеті де бүгінгі күні Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы №14997-Г Куәлігі берілді. Газет 2015 жылдан бастап жарық көре бастады. Газеттің негізгі мақсаты оқу орнымыздың өмірінде орын алып жатқан барлық іс әрекеттерді оқырмандар назарына жеткізіп отыру. Ол мақсатты газет абыроймен атқарып келе жатыр деп айта аламыз.

 «Самғау» ұжымдық басылымымыз уақыт өте келе Республикамыздағы ірі газеттеріміз сияқты үлкен газетке айналады деп сенеміз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Газеттің бүгінгі күнгі редакциялық алқасы мығым, талантты жастармен толықтырылған, материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.

    Газетімізге ақ жол тілей отыра оқырман қауымына бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

  Құрметпен,

Бас редактор

Р.К.Дүлдүл

Газет нөмірлері