СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі cтуденттер үйінің  меңгерушісі - Имаханова Клара Канибаевна, білімі  жоғары педагогикалық.

Студенттер үйі ережесі

  • Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес білім алуға,толық көлемде оқу, бейімділік және практикалық дағдысын игеруге және ішкі тәртіптерінің графигін орындауға;

  • Ішкі тәртіп ережелерін қадағалауға, студенттер үйі ережесінде көрсетілген басқа да талаптарды орындауға;

  • Ғылыми зерттеу жұмыстарына, спорттық, көркемдік шығармашылық  үйірмелерге қатысуға, өз еңбегін жарыққа шығаруға;

  • Студенттер үйінің құрал-жабдықтары мен ақпараттық  ресурстарына ұқыптылықпен қарауға;

  • Оқу орнының оқушыларына, қызметкерлеріне және меңгерушісіне, тәрбиешілерге, техникалық қызметкерлерге, білім алушылар өз-өздеріне сыймен және әдеппен қарым-қатынас жасауға;

  • Студенттер үйі білім алушылардың арасындағы суицид, өз-өзіне қол салу әрекеттерін болдырмауға және оған жол бермеуге;

  • Білім алушылар студенттер үйінің ауласын тазартуға ат салысуға, студенттер ішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға;

  • Студенттер үйі ережесін қатаң сақтауға;

  • Ғимарат ішіндегі дүние мүліктердің бүлінбеуіне;

  • Білім алушылар мен қызметкерлердің студенттер үйі мүліктерін дұрыс пайдалануға;

  • Жатын бөлмелерінде тазалық сақтауға;

  • Студенттер үйі ғимаратындағы электр жарығын тиімді пайдалануға;

  • Студенттер үйі тұрғындары техникалық қауіпсіздікті сақтауға, ішкі нұсқауларымен танысуға;

  • Сағат 23:00-ден кейін тыныштық орнауға;

  • Бекітілген жер көлемін көгалдандыру жұмыстарына қатысуға;

  • Сенбілік және жексенбіліктерге бірауыздан қатысуға;

  • Студденттер үйіне түнемеген білім алушылар, науқастығына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен қонбаған жағдайда меңгерушіге қонбағаны жөнінде ресми құжаттарды көрсетуге;

  • Белгіленген тәртіппен ережені орындай отырып, қылмыстық оқиғалардың орын алмауына, қоғамдық тәртіпті сақтауға;

  • Студенттер үйінен басқа жерге уақытша қонуға баратын білім алушылар өтініш арқылы, онда баратын жерінің толық мекен-жайын және телефонын жазу керектігі;

  • Студенттер үйінің ақысын төлеу кестесі әр айдың 1-5 аралығында жүргізілетіндігі;

  • Егер осы аталған міндеттер орындалмай, яғни дүние-мүлкін бүлдіріп материалдық шығын әкелген жағдайда өз қаржысы есебінен өтеуге, егер өтемеген жағдайда оқу орнынан шығарылуын:

 

Студенттер үйі тұрғындарына тыйым салынады

  • Білім алушылардың  бір бөлмеден екінші бөлмеге меңгерушісінің рұқсатынсыз көшуге;

  • Бір бөлмеден екінші бөлмеге жиһаздарды көшіруге;

  • Электр сымдарын жөндеуге, қайта таратуға;

  • Тұрғын бөлмеде кір жууға, киім аяқ-киім тазалауға;

  • Бөлмеде радиоқабылдағыштың дыбысын қатты қоюға;

  • Сағат 23:00-ден кейін айғай шуға, қатты музыка қоюға;

  • Сырттан келген кісілерді қондыруға;

  • Студенттер үйінде спирттік ішімдік ішу және темекі шегу, психотроптық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

  • Студенттер үйінде ішімдік ішіп, тұрғындардың мазасын алған білім алушы, ескертусіз шығарылады.

  • Студенттер үйі ережесін мойындамаған тұрғын, білім алушылар кеңесінің шешімімен шығарылады.

 

Студенттер үйі тұрғындарының міндеті:

 

  • Қоғамдық мүліктерді ұқыпты сақтауға, бөлмелерді таза ұстап, күнделікті төсек орындарын сәндеп жинауға;

  • Электр энергиясын, су көздерін ұқыпты, үнеммен пайдалануға;

  • Төсек орындарын уақтылы ауыстырып, студенттер үйі төлемін уақтылы төлеуге;

  • Сындырған, бүлдірген заттарды тиісті заң бойынша төлеуге;

  • Техникалық өрт қауіпсіздігін сақтауға басшылықтың шешімінсіз электр жылытқыш пештерін пайдалануға рұқсат етілмейді;

  • Студенттер үйі меңгерушісінің талаптарын орындауға тиісті;

  • Артық бағалы заттарды (ұялы телефон) сақтау бөлмесіне өткізуге (Ескерту: сақтау бөлмесіне өткізілмеген заттар үшін, жатақхана әкімшілігі жауап бермейді) міндетті.

 

Студенттер үйі меңгерушісінің міндеті

  • Студенттер үйі білім алушыларының орналасуына көмектесуге;

  • Білім алушылармен жалпы жиналыс жасап, жатақхана тұрғындарының міндетін, күн бағдарламасының орындалуын түсіндіруге;

  • Студенттер үйі кеңесінің іс-шараларын жатақхана кеңесі отырысында бекітуге;

  • Білім алушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарын жандандыруға;

  • Әр бөлмеде тұрмыстық жиһаздардың өз орнында болуын қадағалауға;

  • Тұрғындардың су, тоқ көздерін үнемдеп жұмсалуын бақылап отыруға;

  • Аптасына бір рет тазалық күнін бекітуге;

  • Студенттер үйіндегі тазалықты қадағалауға, сенбіліктер ұйымдастыруға;

  • Оқу орны басшылары мен топ жетекшілерімен тығыз байланыста болуға міндетті.