ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Колледждегі тәрбие жұмыстарының мақсаты

 

  Колледждегі тәрбие жұмысының нормативке сәйкес базасын  нығайту, педагогикалық жұмыстардың деңгейін көтеру, білім алушыларға толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау басым бағыттарының бірі. Оқу орнында тәрбие процесінің әлеуметтік статусын көтеру, жастардың инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, интеллектуалдық жетістіктерін көрсетулеріне жағдай жасау, сондай-ақ қоғамға қажетті дағдылары қалыптасқан, саяси мәдениетті, өзіндік сыни көзқарасы бар, көшбасшылық қабілеті жоғары, азаматтық позициясы қалыптасқан еліміздің экономикасы мен техникасын дамытуға өзіндік үлесін қосатын маман даярлау.

 

Тәрбие жұмысының міндеттері

 

  • Ұлттық сана-сезімі, мәдениет, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор бойына игі қасиеттер қалыптастыратын азаматтар тәрбиелеу;

  • Мемлекттік рәміздер тарихын терең білу, оған сый құрметпен қарау;

  • Отанға, елге сүйіспеншілік, патриоттық сезімін арттыру;

  • Озық педагогикалық ойларды ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, адамгершілік, имандылық қадір-қасиетін арттыру;

  • Студент жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту;

  • Колледждегі жастар мен студенттердің өзін-өзі басөқаруын жан-жақты дамыту;

  • Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін бүкіл қоғам мүддесі үшін дамытуға жағдай жасау.

 

Топ жетекшісінің міндеттері

Ұрпаққа берілетін ең өзекті тәрбиеге әр халықтың ұлттық қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халықтың болсын өзінше дараланып тұратын ерекшеліктері бар. Тәрбие – мәңгілік және адамзаттық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, тоқтаусыз дами береді.

Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті оқушылардың бойына сіңіру қаншалықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды – құнды ой – пікірлерін қалдырады.

Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар: барлығынан үстем  болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді » - дегендей, құнды қасиеттерге ие, рухани бай адамды қалыптастыру – шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата –аналармен қатар атсалысатын ұстаздардың да рөлі өте зор. Бұл орайда білім беру қызметкерлеріне де болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауаркершілік жүктелген.

Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата – ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреуі тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып береді. Біреулерді өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққанынан уақытша тыңдайды, бірақ ата – анасының уысынан шыққан соң өзін – өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Олай болса , мұғалім ата – ана ескере бермейтін тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалануға тырысуы қажет.

Ата – аналар – топ жетекшісінің серіктері. Оқу орнымен бірлікте олар қоғамымыздың негізгі тәрбиелеуші күшін құрайды.  Оқу орнымен ата – ананың тәрбие жұмысындағы ынтымақтастығын жылдан – жылға заман талабына сай нығайту қазіргі кезеңінің басты міндетіне айналып отыр.

 

Топ жетекшісі – ең алдымен, балалардың, ата – аналардың, топқа сабақ беретін оқытушылардың  қамқорлыққа алушылар мен алынушылардың тағы басқа педагогикалық тұрғыдан бағытталған кең көлемді араластығын басқарушы. 

 

Топ жетекшісінің ең бірінші міндеті  ата–аналарымен тұрақты байланыс орнатып, оны қолдап отыру. Отбасы мен топ жетекшісі арасында оларды күн сайын жалғастырып отыратын тұрақты буын  - бала бар.

Ата–анамен байланыс жасау, олармен отбасы тәрбиесіне және үйішілік өмір салтына әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жалғастықтар орнатудың тәсілдері ата – аналарды балалармен мектепте, тұрғылықты жерде тәрбие жұмысын жүргізуге қалыптастыру, жекелеме педагогикалық тапсырмалар беруді пайдалану, ата- аналарды оқу орнындағы қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады. Ал бұл жұмыстың ұйымдастырушысы – топ жетекшісі. 

 

Топ жетекшісінің екінші міндеті отбасы мен оқу орнынын балаға қоятын талаптарының бірлігін жасаудан тұрады. «Оқушыға арналған ережемен» ата – ананы да сауаттандырып, осы ережелердің ары қарай отбасында жалғасын тауып отыруын қатаң бақылауға алуы қажет.

 

Топ жетекшісінің үшінші міндеті – ата-аналар комитетін ұйымдастырып, оның баланы тәрбиелеушілік мүмкіндігін дамыту. Бұл – күрделі де маңызды міндет. Ол мұғалімнің ересектер мен балаларға, ата – аналар мен жұртшылық өкілдеріне әсер ету шеберлігін қамтамасыз ететін психологиялық – педагогикалық дайындық дәрежесінің жоғары болуын қажет етеді.

 

Топ жетекшінің төртінші міндеті – ата – анаға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетінің дәрежесін арттырып отыру.

Топ жетекшінің бесінші міндеті – отбасының тәрбиелеу белсенділігін зерттеу мақсатында ата–аналармен жүргізілетін жұмыс жөнінде құжаттар жүргізу.        

 

Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар:

 

Тұжырымдамалар, бағдарламалар

 

  • Бала құқығы жөніндегі Конвенция (1994ж)

  • АҚТБ/ЖҚТБ – ның алдын алу жайлы декларация (2001ж)

  • Тәрбие беруді дамытудың тұжырымдамасы.

  • Адамгершілік және жыныстық тәрбие жайлы мемлекеттік бағдарлама (Қазақстан Рес)

 

Қазақстан Республикасының заңдары

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж)

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999ж)

  • Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» жайлы заңы (02.12. 1999ж)

  • Қазақстан Республикасының «Мейрам күндері» жайлы (2001ж)

  • Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы заңы (2001ж)

  • Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» заңы (2002ж)

  • Қазақстан Республикасының «Қылмыстық кодексі»

  • Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» (1997ж)

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

  • Қазақстан Республикасының Еңбекпен түзету кодексі

  • Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы»

  • Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі»

  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы

  • Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау туралы

  • Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы

Ішкі тәртіп ережесі
Апталық, айлық кездесулер жоспары
Әскери-патриоттық жұмыс
Спорттық үйірмелер