ЖАСТАР ІСІ КЕҢЕСІ

Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы

Маханбет Айнамкөз Мұхтарқызы

 

Мекен-жайы: Демесінов көшесі 38, «Абылай хан» атындағы колледжі

Байланыс телефондары: (7242) 23-03-97

Колледж жастар комитеті – мемлекеттік жастар саясаты деңгейінде жүзеге асырушы құрылымдық бөлімше. Комитет директор, алдында қызметтік талаптарды орындауға, республика, қала деңгейлеріндегі түрлі жастар ұйымдарымен тең дәрежелі әріптестік қатынас орнатып колледж белсенді студенттерімен бірлесе, сапалы қызмет атқаруға жауапты.

 

ЖАСТАР ІСІ  ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Жастар ісі жөніндегі комитеті студенттік өзін-өзі басқарудың формасы болып табылады жəне студенттердің оқу үрдісін басқаруға, студенттік жастар өмірінің мəселелерін шешуге, оның əлеуметтік белсенділігін дамытуға, əлеуметтік ұстанымдарын қолдауға қатысуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

1.2. Жастар ісі жөніндегі комитеті күндізгі оқу формасындағы студенттердің жұмыс істеу мерзімі шектелмеген тұрақты түрде əрекет ететін өкілдік жəне реттеуші органы, студенттердің конференциясында қабылданатын Жастар ісі жөніндегі комитет туралы Ереженің негізінде əрекет етеді.

1.3. Жастар ісі жөніндегі комитет еріктілік, жариялылық жəне комитет мүшелерінің теңдігі принциптерінің негізінде жұмыс істейді.

1.4. Жастар ісі жөніндегі комитет өз жұмысында келесілерді басшылыққа алады:

− ҚР Конституциясын;

− ҚР Заңдарын;

− Колледж Жарғысын;

− Ішкі тəртіп ережелерін;

− Колледж директорының  бұйрықтарын;

− Тəрбие жұмысы жоспарларын;

 

1.5. Əрбір студент осы Ережеге сəйкес Жастар ісі жөніндегі комитеттің кез келген деңгейіне сайлануға немесе сайлауға құқылы.

1.6. Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы оқу орнының барлық студенттеріне бағытталады.

1.7. Жастар ісі жөніндегі комитеттің шешімдері ұсынушылық жəне кеңесшілдік сипатқа ие.

1.8. Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы педагогикалық кеңесінің құрамына кіреді.

 

2. ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысының мақсаттары:

− Студенттерде өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне құзіреттілікпен жəне жауапкершілікпен қарауға дайындау;

− Студенттердің азаматтық мəдениетін, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, олардың əлеуметтік ер жетуіне, өзіндікке, өзін-өзі ұйымдастырып, дамытуға ықпал беру;

− Студенттердің жеке жəне кəсіби сапаларын жүзеге асыруға жəрдемдесу. 2.2. Жастар ісі жөніндегі комитеттің міндеттері:

− студенттердің олардың ғылыми жəне кəсіби қызығушылықтарын ескере отырып оқу үрдісінің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарды жасауға қатысуға тарту;

− Студенттердің тұрмыстық жəне бос уақытын ұйымдастыруға қатысты əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, салауатты өмір салтын үгіттеуге жəрдем беру;

− студенттер құқықтары мен қызығушылықтарын таныстыру жəне қорғау;

− тұлғаның зияткерлік, мəдени жəне адамгершілік жағынан дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;

− Колледжде сабақтан тыс үрдіс аясында олармен өткізілетін іс-шараларға көмектесу;

− студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, студенттік активтің жан-жақты дамуына септігін тигізу;

− Колледжде мəдени-бұқаралық жəне бос уақытты пайдаланып, іс-шараларды дайындау жəне өткізу;

− студенттік іс-шаралар мен сайыстардың дəстүрлерін арттыру жəне сақтау; − студенттердің құқықтық мəдениетінің деңгейін арттыру, спорттық жəне еріктілік қабілеттерді ашу жəне дамыту;

− талантты жастарды, студенттердің шығармашылық потенциалын ашу;

− студенттерді колледж ішкі  жұмыстары жөнінде ақпараттандыру;

− қоғамдық маңызы бар жастар ұстанымдарын жүзеге асыруға септігін тигізу.

 

ЖК құрылымы мен құрылым негізі:

 

  • Комитет белгіленген мерзімде жұмыс жоспарын, ережелерін, қаулыларын бекітеді және басшылыққа алады;

  • Комитет төрағасы (төрайымы) ректор бұйрығымен тағайындалады;

  • Төраға (төрайым):

  • Комитетке жүктелген қызметтік міндеттерді өз мерзімінде, сапалық жүзеге асырады;

  • Комитет құрылымындағы қызметкерлердің қызметтік міндеттерін толық түсіндіріп, қызметтерін сапалы үйлестіреді;

  • Студенттік декандар мен қызметтік байланыс орнатады;

  • Қызмет барысында ректор тағайындаған ережелер шеңберіндегі қызметтік құқықтарды пайдаланады;

  • ЖК құрамында ЖК төрағасы (төрайымы), салалық инструкторлар кіреді.

  • Өз жиналыстары мен ресми бас қосуларында ЖК құрамыжастар саясатына қатысты мәлелерді талқылайды, шешімдер мен қаулылар шығарады, ректоратқа ұсынылатын құжаттар даярлап іс шаралардың жоспарларын бекітеді;

  • ЖК отырысында бекітілген қаулылар, нұсқаулықтар мен ішкі бұйрықтар факультеттердің студенттік (қоғамдық) деканаттарына орындауға міндетті құжаттарболып табылады.

 

Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрылымы

 

Маханбет Айнамкөз  жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарады. Алдымен комитет басқаруды жүзеге асырып, жұмысының атқарыуын қадағалайды. Комитет жиналысында дауыс беру арқылы үміткер таңдалып, бір жыл шамасында жұмыс атқарады.

Орақова Аяжан   - жастар ісі кеңесінің төраға орынбасары.

Абаева Таңшолпан – жастар ісі жөніндегі кеңестің хатшысы. Комитет мүшелерін ақпаратпен қамтылуды қамтамасыз етеді.

Биртаева Асем  - жастар ісі жөніндегі кеңестің ІТ менеджері.

Мұратбек Саят, Пернебек Назым – жастар ісі жөніндегі кеңесінің кез келген іс-шараны материлдық тұрғыда қамтамасыз ету барысын ұйымдастыратын  кеңес мүшелері.

Сейтқұлова Асель – жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі. Оқу топ старостыларының төрайымы.

Мәдібекова Дильназ – жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі. «Руханият» дебат клубының жетекшісі.

Орақова Аяжан  - жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі. «Шаттық» би үйірмесінің жетекшісі.

Бойтай Қарақат  – жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі. Ән үйірмесінің жетекшісі.

Абдулла Ғазиз – жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері. Дизайнер.