КОЛЛЕДЖ ӘДІСКЕРІ

Колледж әдіскері

Мамутова Гаухар Мухитдиновна

I-санатты оқытушы

 

Әдістемелік кабинет жұмысының мақсаты: 

1.Жалпы ережелер

Осы ереже «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  5-бабы 25-тармақшасына сәйкес әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген және ҚР «Білім туралы» Заңына (27.07.2007ж /5-тарау, 29-бап ) сәйкес   және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын», «Оқу процесін ұйымдастыру Ережесін» басшылыққа ала отырып жасалған.

  • Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

19-наурыздағы №957 Жарғысына сәйкес әзірленді.

  • Осы ереже әдістемелік кабинетке қойылатын жалпы талаптар деңгейін береді.

2.Әдістемелік кабинеттің  міндеттері

1.Әдістемелік бірлестік отырысын өткізу.

2.Нормативтік құжаттар,бірлестік шешімдері мен нұсқауларын орындау.

3.Пәндік апталықтарды дайындау және өткізу.

4.Пәндік семинарлар, дөңгелек үстел, конференция дайындау, өткізу.

5.Студенттерді  пәндік олимпиада,  ғылыми жобалар мен конференцияларға облыстық, республикалық  байқау, жарысқа дайындау.

6.Пәндер бойынша сабақтан  тыс шаралар өткізу.

7.Колледжішілік іс- шараларға, факультатив сабақтарға, үйірме жұмыстарына қатысу.

8.Оқытушылар мен оқушылардың жұмыстарын талдау, марапаттау.

9.Колледждің  негізгі әдістемелік бағытын айқындау.

 

3.Әдістемелік кабинеттің қызметі

1. Әдістемелік кабинет- оқу-тәрбие процесінің және кәсіби мамандар даярлығының сапасын жақсарту мақсатында құрылған.

2. Әдістемелік кабинетке басшылық жасау колледж директоры мен  оқу ісі жөніндегі орынбасарымен  ортақ жүзеге асырылады.

3. Оқу процесінің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастыру;

4. Оқытушылардың негізгі әдістемелік жұмысын, педагогикалық шеберханаларды құрастыру және талқылау, шығармашылықпен айналысуға, хабарламаларды тыңдап, жұмыс нәтижесі туралы өз пікірін ұсынуға;

5. Педагогикалық технологиялардың жетілдіруін, мемлекттік білім беру стандартының жүзеге асырылуын талқылап, ұсыныстар жасауға;

6. Педагогикалық кеңеске оқу-тәрбие жұмыстарын жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізу;

7. Колледжде өтетін педагогикалық, әдістемелік жұмысты үйлестіру.

8. Оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;

9. Үздік, жаңашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану;

10. Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне қатысу;

11. Ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау;

12. Сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;

13. Ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие  жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;

14.Кәсіптік шеберлікпен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

15. Оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;

16.Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

17. Тест тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бақылаудың басқа да нысандарын әзірлеу және сараптау;

 

4.Басқару. Құрылымы мен штаттары.

1. Әдістемелік кабинеттің жұмысын әдіскер ұйымдастырады. Ол оқу бөлім меігерушісіне тікелей бағынады және Педагогикалық кеңесінің мүшесі болып табылады. Әдіскер әдістемелік кабинеттің жұмысының нәтижелері үшін дербес жауап береді.

2. Әдістемелік кабинеттің штаты мен құрылымын қолданып жүрген нормативтер негізінде ұйымдастыруды директоры бекітеді.

3. Әдістемелік кабинеттің жұмыстарына жұмсалатын уақыт нормасын ескере отырып, жасалған жоспар негізінде жүзеге асырады.

 

Әдістемелік  кабинет жұмысының тақырыптары:

  • Оқытушылар туралы мәлімет

  • Жаңа технологияны  қолдану барысындағы  ізденушілердің  іс-тәжірибені жинақтау материалдары

  •  Семинар, конференция материалдары

  • Оқытушылардың біліктілігін көтеру курстарының материалдары, аттестатаудан өту материалдары.

  • Баспасөз бетінде жарияланған мақалалар

 

Әдістемелік кабинеттің ұсынымдық материалдарының тізбесі:

- жас оқытушыларға арналған әдістемелік маматериалдар;

- оқытушыларды аттестаттау материалдары;

- біліктілікті арттыру курстарының материалдары;

- нормативтік құжаттар, ережелер;

- «Педагогикалық шеберлік» мектебінің материалдары;

- «Жас маман» мектебінің материалдары;

- оқу материалдары;

- өзара сабаққа қатысу талдамасы;

- өзіндік білім көтеру парағы;

- оқу-әдістемелік кешен материалдары.