07320100 - Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

4S07320106 - Техник-құрылысшы

3W07320102 - Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері

3W07320104 - Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері

3W07320105 - Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері

Жалпы сипаттама

Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктегішіне сәйкес келеді.

 

Нормативтік оқу мерзімі:

Жалпы негізгі білім базасы негізінде - 2 жыл 6 ай;

Жалпы орта білім базасы негізінде - 3 жыл 6 ай;

Құрылыс - сұранысы бар мамандық иесі болғысы келетін және қала салумен қызығатын жастар үшін бұл болашағы бар әмбебап мамандық. Құрылыс индустриясы-экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайды, сонымен қатар құрылысшылар қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге өнеге болуы тиіс. Сонымен қатар еліміздегі барлық құрылыс нысандарында-құрылысшылардың қолтаңбасы қалуда.

Еліміздің өркениетті болашшаққа ұмтылғанын ескерсек,уақытөткен сайынқұрылысшы мамандығының қажеттілігі арта түсері сөзсіз.

Ендеше ол сала да заман талабына сай даму үшін, білікті де білімді мамандардың қажеттілігі өте жоғары.

 

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірушілер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды:

  • Қалалық сәулет және қала құрылыс басқармасы, облыстық сәулет және  қала құрылыс басқармасы

  • Құрылыс ұйымдары және фирмалар

  • Жобалау-конструкторлық ұйымдар

  • Ғылыми-зерттеу институттары

  • Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыратын басқару органдары