05220100 - Экология және табиғатты қорғау қызметі

4S05220102– «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі»

Жалпы сипаттама

Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктегішіне сәйкес келеді.

Нормативтік оқу мерзімі:

Жалпы негізгі білім базасы негізінде - 2 жыл 6 ай;

Жалпы орта білім базасы негізінде - 3 жыл 6 ай;

Колледж қабырғасында студенттер негізгі экологиялық пәндер, экология және табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның актуальды мәселелері, табиғатты қорғау, медициналық экология, өсімдіктер,жануарлар, микроорганизмдер, топырақ экологиясы, радиациялық экология негіздері сияқты жалпы білім беру пәндерін, шет тілі мен биологиялық ғылымдар негізін оқып үйренеді.

 

«Экология» мамандығы бойынша  кәсіби қызметінің нысандары:

 Кәсіптік қызмет объектілері табиғи және антропогендік экожүйелер, қорықтар, ұлттық парктер, хайуанаттар парктері, ботаникалық бақтар, өндірістік мекемелер, агроэкожүйелер, су экожүйелері, қоршаған орта және халық денсаулығының экологиялық мониторингін жүргізу қызметі.