«Абылай хан»  атындағы  колледжінің  ғылыми-әдістемелік жұмысының 2014-2015 оқу жылына арналған даму бағдарламасы.  

Мақсаты: 

  • Білім  беру үрдісіндегі негізгі мәселелер мазмұны мен әдіс –тәсілдерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,оқытудың инновациялық әдістерін тиімді пайдалану.

  • Білім беру үрдісін ақпараттандыру арқылы білім беру сапасын арттыру.

  • Оқытушылардың  кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін көтеру, озат тәжірибені зерттеп-жинақтау.

  • Колледжде сапалы білім берудегі өзекті мәселерді анықтау , республика көлеміндегі он-лайн бағдарламасы арқылы сабақтар өткізуді жүзеге асыру

  • Шығармашылық пен айналысатын оқытушылардың облыстық, республикалық, халықарлық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.

     Негізгі  міндеттері :

  • Оқушылардың білім стандартына сәйкес міндетті деңгейлердегі материалды толық игеруіне,интеллектуалдық,шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру негізінде олардың сапалы білім алуына қол жеткізу.

  • Сабақ тиімділігі мен білім сапасын көтеруге бағытталған өздерінің  әдістемелік жұмыстарын жүйелеуге,кезеңдер бойынша нәтижелерін талдауға,бағалауға,әр оқытушыны  ынталандыру,білімін үздіксіз және өз бетімен жетілдіруге жағдай жасау.

  • Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру,тиімді жолдарын іздестіру.

  • Сабақтардың барлық түрінің өтілу тиімділігін,әдістемелік жетілдіру,жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.

  • Қазіргі білім беру технологияларын түсіну  деңгейін тереңдету.

  • Білім беру технологияларын   колледж  қызметінде жүйелі қолдану.

  • Білім беру технологияларын енгізу нәтижелерін  үздіксіз қадағалау жүйесін құру.

  • Әртүрлі пән оқытушыларының   ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейінің жоғарылығын қамтамасыз ету.

  • Оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі,инновациялық және ақпараттық әдістемелерін тиімді ұштастыруды жолға қою.

 

Даму бағдарламасын жүзеге асыру:

1. Педагогика мен технология саласындағы жетістіктерді игеру  бағытында теориялық білімді жинақтау,кадрларды іріктеу,білімін жетілдіру.

2. Диагностикалық зерттеулер арқылы әр мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен ерекшеліктерін анықтау.

3. Оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін пайдалану.

4.  Колледж  қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жаңарту.

5. Педагогтердің әдістемелік жұмыс тақырыптарын таңдауы мен тұжырымдама дайындауы.

6. Білім берудің қазіргі технологияларын қолдану мәселелері бойынша шығармашылық топтар құру.

7. Басқа колледж оқытушылары мен өзара тәжірибе алмасулар жасау.

8. Колледж  қызметкерлері мен мұғалімдердің компьютерлік технологияларды игеруіне бағытталған сабақтар ұйымдастыру.

9. Оқытушылар  мен  студенттердің  қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мүмкіндіктері мен сұраныстарын есепке алу.

10. Ақпараттық қызметті әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз ету.

11.   Оқытушылар  мен оқушылардың танымдық-шығармашылық

жұмыстарын жетілдіру, ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асыру

 12.  Әдістемелік орталықтың жұмысын жетілдіру,  оқытушылардың  кәсіби шеберлігін көтеру және білім беру үрдісін арттыру, оқытудың инновациялық әдістерін тиімді пайдалану, он-лайн бағдарламасы бойынша сабақ өткізуді іске асыру.

  13.   Қазіргі білім беру технологияларын терең түсіну және оларды игеру    мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізу.

  14 Қазіргі білім беру технологияларын игеру бойынша  колледж оқытушыларының тәжірибе жинақтауын ұйымдастыру.

   15. Қала  оқытушылары  үшін семинарлар өткізу.

  •   Оқытушылардың  ғылыми - шығармашылық есептерін тыңдау.

  • Тәжірибелерді жинақтау  бағытында әдістемелік нұсқаулықтар мен электрондық материалдарын  дайындау.

  • Осы бағыттағы әртүрлі аймақтық және республикалық, халықаралық  конференцияларға қатысу.

  • Оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі, инновациялық және ақпараттық әдістемелерін   тиімді ұштастыруды жолға қою.

  • Оқытушыларды  интернет арқылы білім беру жүйесіне тарту.

  • Компьютерлік мониторинг жүйесін жасау.

  • Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақтар мен факультативтік сабақтар өткізу.

Жинақтау, қорыту, тарату кезеңі:.

  • Нақты жүзеге асатын шараларды жинақтау, қорыту, шығармашылық есептер беру,ашық сабақтар,  семинарлар,  конференция өткізу.

  • Оқытушылар  мен оқушылардың ізденіс тақырыптары бойынша оқу дидактикалық материалдар жасау

  • Педагогтердің оң және озат тәжірибелерін жинақтау.

  • Колледж  қызметіне  түзетулер енгізу және одан кейінгі жұмыстарды жоспарлау.

  • Педагогикалық технологияларды игеру бойынша  қалалық конференция өткізу.

  • Оқытушылардың  іс- тәжірибелерінен кітапша шығару.

Күтілетін нәтижелер.

  • Студенттерге  білім стандартына сәйкес міндетті білім деңгейіне жетуге, олардың шығармашылық-танымдық белсенділігін көтеруге мүмкіндік туғызылады.

  • Оқытушылардың  педагогикалық,әдістемелік тренингтер,семинарлар, тәжірибелік сабақтар арқылы үнемі кәсіби біліктілігі жетілдіріліп отырады.

  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру,әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру жолдары жүзеге асырылады.

  • Түрлі мониторинг, шығармашылық есеп беру арқылы жаңа әдістерді қолданудың тиімділігі мен олқылықтары үнемі талданып отырады.

  • Студенттердің білім сапасы жақсарып ,білім деңгейі артады.

  • Оқытушылар мен  студенттердің  әртүрлі конкурстарға қатысу нәтижелілігі жоғарылайды.

  • Әр  студенттің  өзіндік дамуын анықтауына, кәсіби бағдарлануына жағдай жасалады.

  • Оқытушылар мен  студенттердің  ақпараттық сауаттылығы артады.

 

       Ғылыми-әдістемелік  жұмыстың құрылымы.

  • Ғылыми-әдістемелік бірлестік отырысын өткізу.

  • Нормативтік құжаттар,бірлестік шешімдері мен нұсқауларын орындау.

  • Пәндік апталықтарды дайындау және өткізу.

  • Пәндік семинарлар,дөңгелек үстел,конференция дайындау,өткізу.

  • Студенттерді  пәндік олимпиада,  ғылыми жобалар мен конференцияларға облыстық, республикалық  байқау,жарысқа дайындау.

  • Пәндер бойынша сабақтан  тыс шаралар өткізу.

  • Колледж ішілік іс- шараларға,факультатив сабақтарға,үйірме жұмыстарына қатысу.

  • Оқытушылар мен оқушылардың жұмыстарын талдау,марапаттау.

       Ғылыми-әдістемелік  кабинеттің жұмысының тақырыптары:

  • Оқытушылар туралы мәлімет

  • Жаңа технологияны  қолдану барысындағы  ізденушілердің  іс-тәжірибені жинақтау материалдары

  • Семинар, конференция материалдары

  • Оқытушылардың біліктілігін көтеру курстарының материалдары, аттестатаудан өту материалдары.

  • Дарынды балалармен жұмыс материалдары

  • Баспасөз бетінде жарияланған мақалалар

  • «Жас ұстаздар мектебінің» материалдары

  • Оқушылар мен оқытушылардың олимпиада байқаудағы мақтау қағаздары