ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Әдістемелік жұмыс

 

     Колледждің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметі оқытушылардың шығармашылық жұмысына, өз бетімен білімдерін жаңартуға және кәсіби педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, озық тәжірибені талдау мен жинақтауға арналған.

       Колледждің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін іске асырушы, жүргізуші орган – әдістемелік кабинет  оқытушыларға оқу-әдістемелік кешендерді, ашық сабақтарды дайындауға, әдістемелік тақырыптар бойынша жұмысқа, баяндамалар мен сөздерді дайындауда, конкурстар мен байқауларға дайындалуға жүйелі түрде жеке кеңес берушілік көмек көрсетеді.

Әдістемелік жұмыс колледждің әдістемелік жұмыс жоспарына, әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына, педагогикалық кеңес жоспарына, колледждің ішкі әдістемелік жұмысын бақылау және нәтижесін бағалау мақсатында жүргізіледі. Оқу жылында колледжімізде 11 әдістемелік кеңес отырысы жоспарланған. Оларда пәндік әдістемелік комиссия аралығындағы тренингтер, пәндік апталықтар, оқытушылар арасындағы сайыстар, материалдар көрмесі т.б. іс-шаралар қарастырылған. Әдістемелік кеңесті жүргізудің интерактивті әдістері қатысушы – оқытушының мәселелерді қарастыру және оларды  коллективті жұмыс кезінде шешудің жоғары белсенділігінің өлшемін жасауда  маңызды.

 

Әдістемелік жұмыс тақырыбы – «Құзіретті маман даярлаудағы оқытушылардың әдістемелік жұмысының жаңаруы жағдайында оқу орнының білім берудегі инновациялық қызметі»

 

Мақсаты – колледжде оқытудың тәсілдері мен ұйымдастыруды, білім беруді жетілдіру үшін оқу процесінің сапасы мен тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасап, заман талабына сай кәсіби құзіретті маман даярлау үшін педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру,олардың шығармашылық әлеуетін дамыту,педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Міндеттері – «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» даму стратегиясы және Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, кәсіби білім беруде мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын өтеуге бағдар ұстау;

Колледждегі әдістемелік қызметтің жұмысы қолжетімділік, автономиялық, ғылымилық,  жүйелілік  принциптеріне негізделген.

 

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

- Ұйымдастырушылық қызмет (ұжыммен және әр педагогпен жеке жұмыс жасау);

- Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету (жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және қолдану, педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру, педагогтардың ғылыми-зерттеушілік қызметі және т.с.с.)

- Диагностикалық-аналитикалық қызмет (оқытушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы қиындықтар деңгейін анықтап, әдістемелік қызметтің тиімділігін талдау).

 

Оқу – әдістемелік жұмыстың бағыттары.

 

• білім беру үдерісінде оқу-әдістемелік кешендерді жасау мен жаңартып отыруда оқытушыларға көмек көрсету;

• алдыңғы қатарлы әдістемелерді, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату,  оқып, танысып, жүйелеу;

• педагогтардың әдістемелік жұмыстарының  уақытылы орындалуын қадағалау;

• колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысын мақсатты жүргізу және ұйымдастыру;

• педагогтарға ашық сабақ, әдістемелік материалдарды дайындауда, инновациалық бағдарламалармен технологияларды оқып енгізуде әдістемелік көмек көрсету;

•  педагогтардың біліктілігін көтеруді жоспарлау мен ұйымдастыру;

• колледжде педагогикалық оқуларды,ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру;

• педагогтардың республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;

• колледж оқытушылар ұжымының педагогикалық шеберлігін анықтау мақсатындағы сайыстарды  ұйымдастыру;

•  колледж жұмысының тиімділігін арттыруда ішкі құжаттарды реттеу, рәсімдеу жұмыстарын жүргізу;

• редакциялық баспасөз қызметін ұйымдастыру;

• білім үрдісінің мазмұнын жаңашыл кәсіби білімдік бағдарламалар арқылы және жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін қолдана отырып жетілдіру;

• педагогтар мен студенттердің әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын, шығармашылық қызметтерін нәтижелі ұйымдастыру;

• педагогикалық ұжымның білім беру үдерісіндегі тәжірибелерін тарату мен жинақтау және оларды ұжым жұмысына енгізу;

 

Колледждегі әдістемелік жұмыстың негізгі формалары:

 

1. Оқытушылармен жеке әдістемелік жұмыс;

2. Колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысына жетекшілік жасау;

3. Ұжым оқытушыларының жаңа педагогикалық тәжірибелерін тарату және жинақтау;

4. Оқу құралдарын және әдістемелік ұсынымдарды жазуға ұсыныс беру, көмектесу,  жариялау;

5. Тұрақты жылдық жоспарда көрсетілгендей әдістемелік семинарлар, педагогикалық оқулар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, педагогикалық шеберлік байқауларын ұйымдастыру;

6. Әдістемелік кеңестерде тақырыптық баяндамалар оқу;

7. Әр түрлі ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференцияларға қатысу;

8. Үйірме жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету;

9. Білім үрдісінде әр түрлі мазмұндағы ғылыми-әдістемелік жұмысты жоспарлауда, өзге де іс-шаралардың ережелерін даярлағанда әдістемелік құжаттарды дайындау .