«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметі

   Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.

Соңғы он жылда жаңадан пайда болып, дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғары білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отыр. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды сапалы түрде дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі Жарғысына сүйене отырып Колледжімізде «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметі  ашылды. «Жұмыспен қамту және кәісптік бағдар беру» қызметі бітірушілердің  кәсіби өсуіне мониторинг жүргізу әрі жұмыспен қамту мақсатында құрылған.  «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметін ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Заңнамаларына және колледж Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

  • «Білім туралы заңы»

  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»

  • «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі Жарғысы

«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің негізгі мақсаты – білім алушылардың алған құзырлығын нығайту, тереңдету және жүйелендіру кіреді. Бітіруші түлектер және колледж түлектеріне кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыру және жұмысқа орналасу үлесін арттыру.

«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің миссиясы – студенттер мен колледж түлектеріне сапалы мансап траекториясын құру және кәсіби бағытта сәтті дамуына ықпал жасау.

 

Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің  негізгі бағыттары мен міндеттері:

  • Білім алу барысында меңгертілетін мамандық бойынша қажетті білік пен дағды негіздерін қалыптастыру;

  • Колледж түлектеріне кеңес беру қызметтерін көрсету және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;

  • Колледждің  түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және бақылау;

  • Колледж түлектерінің жұмысқа  орналасу, ЖОО-на түсу үлесін  арттыру;

  • Колледж бітірушілерінің кәсіби өсуі мен қозғалыс мониторингін жүргізу;

  • Жұмыс беруші мекемелер және әлеуметтік серіктестермен  іскерлік қарым-қатынас орнату. Колледж түлектері мен студенттерін еңбек нарығының жаңалықтары және өзгерістерімен таныстыру, бос вакансиялармен бөлісу;

  • Колледж түлектері мен студенттерін еңбек нарығына сәйкес тиімді даярлау, колледж психологтарымен бірлесе отырып мансап құру барысында әлеуметтік-психологиялық дайындықтан өткізу, жас мамандардың еңбек  нарығына бейімделуіне жәрдемдесу;

  • Колледждің арнайы пән оқытушыларын   кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді түрде араласуға тарту,  түлектердің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек нарығына сәйкес сапалы  маман даярлауға шақыру;

  • Колледж түлектеріне мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпараттар беріп отыру, жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар  және басқа да жұмыс берушілермен серіктестік орнату;

  • Мектеп бітіруші түлектеріне «Ашық есік» күнін және колледж базасында экскурсия ұйымдастыру, сонымен қатар мектеп оқушыларына агитациялық жұмыстар жүргізу.

 

«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметін ұйымдастыру мен өткізу       

  • «Абылай хан» атындағы жоғары колледж түлектеріне мамандықтары   бойынша тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпараттар беріп отыру, жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар  және басқа да жұмыс берушілермен серіктестік орнату;

  • Жұмыс беруші мекемелер мен  іскерлік қарым-қатынас орнату;

  • «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметі бітіруші түлектердің біліктілігін арттыруға арналған курстар, білім беру бағыттарына арналған оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер  ұйымдастырып өткізу;

  • Колледждің түлектеріне жоғары оқу орнына қабылдаудың үлгі қағидалары мен таныстыру;

  • Комплекс тестілеу жекелеген пәндер бойынша ақылы курстар ұйымдастыру;

  • Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп жұмыс атқару.

 

«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің құқықтары:

 

  • «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің қызметкерлері нақты жұмыс орнынының және жұмыс берушінің жұмыс іздеушіге қойылатын арнайы талаптарымен танысуға құқылы;

  • Орта және жалпы білім беру мекемелері, әлеуметтік серіктестер, басқа да мекемелермен келісім шарт жасауға құқылы;

  • Колледж студенттері мен түлектерінің жұмысқа орналасу барысындағы дайындықты жүргізуге және іс-шараларды өткізуге құқылы;

  • Колледж студенттері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыспен қамту мақсатында ақпараттық және жарнамалық жұмыспен айналысуға құқылы;

  •  Колледжде ұйымдастырылатын іс-шараның, үйірменің және сабақ өтілімінің сапасын тексеру мақсатында процеске ену, тексеру және өзгеріс енгізуге құқылы;

  • Колледж студенттері мен түлектерінің біліктілігін арттыру және жұмыспен қамтуға байланысты арнайы пән оқытушылары мен жалпы білім беретін пән оқытушылармен бірлесіп жұмыс атқаруға құқылы

  • Колледж студенттерінің тәжірибе өтетін базаларына бару,  тексеруге құқылы;

  • Жұмыспен қамтылған түлектердің жұмыспен қамтылғаннан кейінгі іс-әрекеттеріне (жұмыстағы кикілжің, түсініспеушілік, дау-дамай) және жұмыс берушінің базасында орын алуы мүмкін жағдайларға, яғни (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны тағы да басқа табиғи апаттардан) туындайтын шығындарға «Абылай хан» атындағы жоғары колледждің «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» бөлімі жауап бермеуге құқылы.

 

 «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар аясында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Колледж түлектері мен білім алушылары, бөлім қызметкерлеріне келіп, сұрақтар (бос жұмыс орындары жайлы, ЖОО-на түсуге байланысты) ақпараттар алуына болады.

Сізді сұхбаттасуға шақырса, не істеу керексіз? толығырақ..

Түйіндеме жазу туралы қысқаша ақпарат толығырақ..

ЖУСУПОВА АЙСУЛУ НАУРЫЗБАЕВНА

«Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің жетекші маманы

8 708 738 48 88

ailu_kz@mail.ru

 1991 жылы қаңтар айының 5 жұлдызында Қызылорда қаласында  дүниеге келген. 2008 жылы №120 қазақ орта мектебін бітірген.  2008-2012 жылдар аралығында «Қазақ-Қытай» академиясында «Экология» мамандығы бойынша білім алып,  «Қызыл дипломға» тәмамдаған.

Жетістіктері:

  • Вице – министр А.А.Сарбасовтың «Алғыс хаты»;

  • Қызылорда  облсысының  әкімі Б.Б.Қуандықовтың «Алғыс хаты»;

  • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Нұртаевтың «Алғыс хаты»;

  • «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшсы Н.Өтешовтың «Алғыс» хаты;

  • Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Л.Турешованың «Алғыс хаты»;

  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штаб жетекшісі И.В.Салиходжаевтың «Алғыс хаты»;

  • "Нұр Отан" ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтілген "Жас Отан" жастар қанатының II съезінің делегаты;

  • Қазақстан Республикасы жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХV көшпелі отырысының  делегаты;

  • Сертификат «Канбан» технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курсы.

Атқарған қызметтері

  • 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «Абылай хан» атындағы колледжде «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушы қызметін атқарды;

  • 2012 жылдан бастап «Қазақ-Қытай» академиясында  «Жастар ісі-жөніндігі комитет» төрағасы қызметін атқарды;

  • 2013 жылдан бастап «Қазақ-Қытай» академиясында  «Офис-тіркеуші» қызметін атқарды;

  • 2015 жылдан бастап «Абылай хан» атындағы колледжінже «Төтенше жағдайда қорғану және экология» ПЦК төрағасы қызметін атқарды;

  • 2018 жылдан бастап «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінде «Жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру» қызметінің жетекші маман қызметін атқаруда.