10120100 - Шаштараз өнері

IMG-20220221-WA0016.jpg
IMG-20220221-WA0019.jpg

3W10120101- Шаштараз стилисті

Жалпы сипаттама

«Шаштараз өнері» маманы – белгілі бір таланттарға, талғам мен стильге,
әлемді, оның үйлесімділігін сезінуге, барлық өзгерістерге сезімтал әрекет
етуге, тұтынушылардың тілектерін қабылдауға қабілетті адам.

 

Шаштараз мамандығына қойылатын талаптар:


Шаштараз - шығармашылық мамандықтар қатарына жатады. Білікті мамандардан мынадай жеке ерекшеліктерді байқауға болады:

  • физикалық төзімділігі мықты;

  • қимылы ширақ және саусақтары  икемді;

  • эстетикалық талғамы жақы, әдепті, тұтынушылармен қарым-қатынас ережелерін біледі;

  • тиісті білімі бар.

Шаштараз шашқа, бояуларға және басқа да препараттарға арналған сәндеу құралдарын қолдану және олардың қасиеттері туралы ақпаратты өте жақсы меңгеруден басқа, шаш үлгісінің заманауи сәндік тенденциясынан да хабардар болуы қажет. Салон тұтынушыларына шаш қию және сәндеу түрін дұрыс таңдау үшін талғамы болуы маңызды.  Егер жұмысқа креативті және жауапкершілікпен қарайтын болсаңыз, онда сіз нағыз табысқа жете алатын адамсыз.

 

IMG-20220221-WA0018.jpg
IMG-20220221-WA0017.jpg
IMG-20220221-WA0020.jpg