06120100 - Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

3W06120101 - Компьютерлік ақпараттық қамтамассыз ету операторы

Жалпы сипаттама

Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктегішіне сәйкес келеді.

Нормативтік оқу мерзімі:

Негізгі орта білім базасы негізінде - 3 жыл 10 ай;

Жалпы орта білім базасы негізінде - 2 жыл 10 ай;

Түлектің біліктілігі - Компьютерлік ақпараттық қамтамассыз ету операторы

  Операциялық және ақпараттарды жобалау, операциялық және ақпараттық жүйелерді пайдалану, жүйелер мен желілерді басқару, ақпараттық жүйелереді қостау, жүйелерді тестілеу, бағдарламалық-апаратты қорғанумен қамтамасыз ету. Аппаратты-бағдарламалық кешендер компоненттері мен сәйкес адам –машиналы интерфейстер сәулетін жобалау, есептеу техникасы әдістері, ақпарт пен басқарудағы компьютерлік өңдеу жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалық әдістерін қолдану, компьютерлік өңдеу жүйесін жүйелі, аспаптық қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және жөндеу қызмет көрсету.

 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша бітірушілер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды:

  • Әр түрлі салаларда (телекоммуникация, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика,бизнес, әр түрлі технологияларды басқару)

  • Жобалар және құрылымдық ұйымдар, өнеркәсіптік  кәсіпорын, басқару және банктік құрылымдарда инженер-бағдарлама жасаушы, инженерлік-жүйелік техника, web-әзірлеуші, аналитик.

  • IT-технологиялар саласында жобалардың жетекшісі қызметтерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мен қолдануды дайындау бойынша компаниялар мен бөлімдерде жұмыс жасай алады.